Экономика

Қазақстандықтар тамызда екі есе көп доллар сатып алған

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуДоллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Доллар сатып алу көлемінің ұлғаюына девальвация болады деген қауіп себеп болды

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда тамызда шілдемен салыстырғанда 2,2 есе көп доллар сатып алынған, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Валюта айырбастау пункті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Доллар - 340 теңге: теңге бағамы неге төмендеп жатыр?

2017 жылғы тамызда халықтың қолма-қол шетел валютасын (АҚШ доллары, Ресей рублі, еуро) сатып алу шығыстары нетто-негізде 313,6 миллиард теңгені құрады. Осы шығыстардың құрылымында негізгі көлем АҚШ долларын (93%) сатып алуға бағытталған, Ресей рублі мен еуроның үлесі тиісінше 1,5% және 5,5%. Алдыңғы аймен салыстырғанда қолма-қол шетел валютасын сатып алу шығыстары 59,6%-ға ұлғайды, бұл ретте АҚШ долларын сатып алу шығыстары 2,2 есе өсті, Ресей рублі мен еуроны сатып алу шығыстары тиісінше 89%-ға және 3%-ға төмендеді.

Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда қолма-қол шетел валютасын сатып алу шығыстары (нетто) 1,4 триллион теңге (АҚШ доллары – 66%, Ресей рублі – 24%, еуро – 10%) болды. Бұл көлемді, 2016 жылды қоспағанда, өткен жылдардың тиісті кезеңдеріндегі көрсеткіштермен (2012-2015 жылдардағы орташа мәні – 1,5 трлн. теңге) салыстыруға болады.

Қолма-қол шетел валютасына сұраныс жеке тұлғалардың жеке шығыстарын (шетелге туристік сапарлар, шетелге ақша аударымдары, жинақтарды әртараптандыру) төлеу қажеттілігіне, негізінен сауда қызметін жүргізетін шағын кәсіпкерліктің жекелеген санаттарының қажеттілігіне негізделген. Тамызда қолма-қол шетел валютасын сатып алу көлемінің өсуіне бұрын Ұлттық Банк мәлімдеген негізсіз девальвациялық қауіпі туралы күдіктің артуы да әсер етті.

Жаңалықтар
0