АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Автобус кондукторы жолақысын төлеуге 10 теңгесі жетпей тұрған оқушыны автобустан шығармай қойған, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
Басылымның жазуынша, оқушы мектептен шығып №12 автобусқа отырады да, анасына айтады. Анасы оны аялдамада қарсы алмақ болады, бірақ бала келмейді, ұялы телефоны сөндірулі болады.
Екі сағаттан соң белгілі болғандай, жолақысын төлеуге оқушының 10 теңгесі жетпей, кондуктор баланы автобустан шығармай қойған. Баланың отбасының таныстары автобусқа кіріп, жетпеген ақшаны төлеген соң ғана оқушыны босатқан. Таныстары анасына баланың қайда екенін айтады.
Баланың отбасынан тіпті кешірім де сұрамапты, деп атап өтті басылым.