АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Украина құбыр өнімдеріне баж салығы бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымында Қазақстанмен консультация жүргізуді талап етті.
Құжатта көрсетілгендей, Украина Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстанның антидемпингтік саясатын талқылауды көздейді. Еуразиялық экономикалық кеңес коллегиясының шешіміне сәйкес шектеулер енгізілген болатын.
Киевтің пайымдауынша, бұл шешім Астананың ДСҰ алдындағы міндеттіліктеріне қарама-қайшы.
Астана талаптарға он күн ішінде жауап беруі тиіс. Содан кейін тараптар консультация күні мен өтетін жерін белгілейді.