Қоғам

Әлеуметтік желідегі балалардың суреті: жасырын қауіп

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуСуретке түсіп жатқан қыз бала
Суретке түсіп жатқан қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Психолог балалардың суреттерін әлеуметтік желілерге салудың сақтық шаралары туралы айтып берді

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Қазіргі заманғы ата-аналардың көпшілігі өздерінің балаларының суреттерін жақындарымен бөлісу мақсатында әлеуметтік желі беттеріне салып қояды. Осы суреттің астында лүпілдер мен қысқа түсініктер үлкен қауіп әкеледі. 

Белгісіз біреулер бұл суреттерді өздерінің жасырын әрекеттерінде пайдалануы мүмкін емес деп ешкім айта алмайды. Суретті ғаламтор бетіне жариялай отырып, сіз оның кеңінен таралуына үнсіз рұқсат бересіз. Бірақ бұл да қорқынышты емес. 

Виктор Макаров, психотерапевт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Психолог: Баланы озат оқушы болуға мәжбүрлеудің қажеті жоқ

Фотосурет (сіздің немесе сіздің балаңыздың) тұрғылықты мекен-жай туралы мәлімет береді. Мысалы, осындай сурет бойынша баланың қандай балабақшаға немесе қандай мектепке баратыны немесе дәл сол сәтте қай қалада тұратыныңызды анықтауға болады. 

Психолог Светлана Нефедкина Sputnik Эстония тілшілеріне, қазіргі уақытта әлеуметтік желілердің көптеген адамдардың өмірінде белгілі бір орын алып отырғанын айтып өтті. "Егер парақша барлық адамдар үшін ашық болса, біз суреттердің кім көріп отырғанын, олардың бұл суреттердің қандай көңіл-күй тудырып отырғанын біле алмаймыз", — деді  Нефедкина. Отбасы және балаларға қатысты жеке ақпараттарды әлеуметтік желі беттеріне мүлде салмаған жөн. Мұндай ақпаратпен тек өз жақындарыңызбен ғана бөлісуге болады, деп мәлімдеді психолог. 

Жаңалықтар
0