Қоғам

Психолог: Баланы озат оқушы болуға мәжбүрлеудің қажеті жоқ

© Photo : из личного архива Виктора МакароваВиктор Макаров, психотерапевт
Виктор Макаров, психотерапевт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей ата-ананың пікірінше, бала неғұрлым көп үйірмеге қатысса, соғұрлым ақылды әрі жан-жақты болып өседі
Эксперт: не нужно заставлять детей быть круглыми отличниками

Бүгінде ата-ана таң ата салысымен ұйқылы-ояу баласын футбол секциясына сүйрейді, одан кейін бейнелеу өнері үйірмесіне апарды, кейін мектепке әкеп салып, кешкісін ағылшын тілі курсынан шыққан баласын үйге алып қайтады. Құдайдың құтты күні жағдай осы. 

Әлбетте, баласына жан-жақты тәлім-тәрбие бермеу – ата-анаға сын. Дегенмен мұның бәрі бос әуре емес пе? Шынымен де балаға пайдасы бар ма?

Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында Жалпыресейлік кәсіби психотерапия лигасының президенті Виктор Макаров қазіргі заманда балаға зиянын тигізбей, қалай тәрбиелеу қажеттігін түсіндірді. 

"Әуелі мынаны түсіну керек: бала сіз емес. Болмысы мүлдем бөлек жан. Екінші, оның даму деңгейін, физикалық және психологиялық дамуын ескерген жөн. Үшінші оның қызығушылығын, өмірде немен айналысатынын түсіну қажет. Білімде ең бастысы не деп сұраған кезде, мен тіл, компьютер және психология деп жауап беремін", — дейді Макаров. 

Осы үшеуі болашақта бір маман иесі атануға көмектеседі, деп атап өтті психолог. 

"Баланы күнделікті үйірмелерге тасудың қажеті жоқ. Ең бастысы – оқыту. Оларды озат оқушы болуға да мәжбүрлемеу керек. Бұл адамның тағдырын қиындата түседі", — дейді Макаров.

Жаңалықтар
0