Оқиға

МИ-2 тікұшағының апатты жағдайда қонуының мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Роман Антонов / Медиабанкке өтуМи-2
Ми-2 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
МИ-2 тікұшағы жерге қона бастағанда өртеніп кеткен, деп хабарлады авиациялық ведомство оқиғаны бастапқы тергеудің қорытындысы бойынша

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігі Ақмола облысында МИ-2 тікұшағына қатысты әуе оқиғасының мән-жайын айтып берді.

Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Тікұшақтың апаттық жағдайда қонуы салдарынан экипаж мүшесі зардап шекті

"Ақкөлдегі Малоалександровка елді мекенінен ұшып шыққан тікұшақ қонар кезде, жерге соғылған, салдарынан тікұшақ өртеніп кеткен, қайта жөндеуге келмейді. Оқиға салдарынан бортта болған тікұшақ командирі Маньков В.В.  пен бақылаушы ұшқыш Байбүсінов Д. Е. зардап шеккен жоқ. Авиатехник Балуев Г.А. күйік алып, қазір Ақкөл ауылындағы ауруханада жатыр", — деп мәлімет берді ведомство. 

Оқиға 22 қыркүйекте шамамен түн ортасы ауғанда болған.

Жаңалықтар
0