Оқиға

Тікұшақтың апаттық жағдайда қонуы салдарынан экипаж мүшесі зардап шекті

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуЖансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бортта барлығы үш адам болыпты

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Ақмола облысында тікұшақтың қатты жылдамдықпен келіп қонуы салдарынан экипаж мүшесі зардап шекті, деп хабарлады ҚР ИДМ авиациялық оқиғалар мен жайттарды тергеу бойынша басқарма.

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында тікұшақ жерге қатты жылдамдықпен келіп қонды

"Ақкөл қаласынан батысқа қарай 6 шақырым жерде МИ-2 тікұшағы қатты жылдамдықпен келіп қонған. Бортта үш адам болды: екі экипаж мүшесі мен жолаушы. Бір экипаж мүшесі ауруханаға жатқызылды, ауруханада бір адам ғана жатыр. Тікұшақ толығымен бұзылған", — деді басқарма сарапшысы Дархан Оспанов.

Ведомство атап өткендей, ИДМ оқиғаны тергеумен айналысатын арнайы комиссия құрады.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында "Тянь-Шань" әуе компаниясының тікұшағы қатты жылдамдықпен келіп қонған болатын.

Жаңалықтар
0