Қоғам

Әкімдіктегі дүрлігу: үлескерлер Әсет Исекешевтен не талап етті?

© Sputnik / Айгюзель КадирҮлескерлер Әсет Исекешевпен кездесті
Үлескерлер Әсет Исекешевпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғын үйлердің үлескерлері әкімдіктің ғимаратына Әсет Исекешевпен кездесу үшін басып кірді

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Бейсенбі күні таңертеңгі уақытта әкімдік қызметкерлерінің тыныштығын ғимаратқа басып кірген үлескерлер бұзды. Сәрсенбі күні, қазақстандықтар "Асанов, шық" деген сөзбен Қазақстанның бас прокурорын жауап беруге шақырса, келесі күні олар Астана әкімі Әсет Исекешевпен жеке кездесуді талап етті. 

 

Үлескерлер бауырластығы 

"Азбука жилья" құрылыс компаниясының алданған үлескерлері екі топқа бөлінді. Шамамен екі жүз үлескер активтердің "Орда инжиниринг" құрылыс компаниясына беру туралы келісім шартты заңсыз деп тануды талап етсе, келесі көпшілік бұл пікірді қолдамай отыр. 

Үлескерлердің аз бөлігі кеше Астанадағы Бас прокуратура ғимаратының жанында пикет ұйымдастырып, өз дегендеріне жете алмады. 

Құрылыс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Азбука жилья" үлескерлерінің талабы бір жерден шықпай отыр

Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин оларды тікелей әкімдікке бағыттады. 21 қыркүйек күні  жиналғандар арасында "Азбуке жилья" компаниясына ешқандай қатысы жоқ үлескерлер де болды. 
Әсет Исекешевпен кездесуді қалағандар арасында "Жастар 4", "Шығыс", "Орал-дизайн-строй-сервис", "Магистральный 3", "Есиль ЭК-2" және "Махаббат" тұрғын үй кешенінің  үлескерлері болды. 
Әрбір үлескердің көкейінде әкімге қоятын сұрақтары көп болғанымен, екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу кезінде негізгі әңгіме "Азбуки жилья" үлескерімен болды.
Көпшілік арасында: "Исекешев мырза Абу-Дабиге қатысты жанжал орын алғанда жиналғандар алдына шығып, ендігі кезде дәл сондай халық сұрап отырған кезде, үлескерлермен сөйлесуге шықпайды?", — деген сұрақтар болды. 
Бұл кезде әкім "Азбука жилья" компаниясының проблемалық ТК өкілдерімен әңгімелесу өткізіп жатқан еді. 
Үлескерлердің үлесі
"Жастар 4" ТК үлескері Жанна Камзина:
"Біз бұл жерге сөзімізге құлақ асар деп келдік. Сегіз жыл болды, сергелдеңмен жүрміз. Бес жыл бойы құрылыс компаниясына қатысты тексерулер болды. Әкімдік бізге ыңғайлы шешім қабылдай ма? Себебі, бізге ешкім келмейді. Біз құрылыс компаниясына құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті рұқсат алуға да көмектескен едік. Бақылау компаниялары қайда қарап отыр? Депутаттар қайда? Олар осындай мәселелерді қарастыру керек емес пе?!" — деп шағымданды. 
Екі сағат өткен соң олардың сұрақтарына жауап беру үшін Әсет Исекешев шықты. 
"Біз барлықтарыңызды мұқият тыңдадық. Мәселе қарастырылып жатыр. Объект өте күрделі ("Азбука жилья»). Үш мыңнан астам инвесторлар қатысып отыр. "Азбуки жилья" мәселесіне қатысты жеке жиналамыз. Біз үлескерлерге жан-жақты көмек беруге тырысамыз", —деп мәлімдеді Әсет Исекешев.

Уәдені қанша күтеміз 
Бірнеше жылдан бері өз пәтерлеріне қоныстана алмай жүрген "Шығыс" ТК үлескерлері өздерінің қиын жағдайын Исекешевке баяндады.  Өздеріне тиісті шаршы метрлерді ала алмаған қазақстандықтар, әкімнің көзінше құрылыс компаниясы директорының міндетін атқарушы Сергей Котляровтың қызметтен кетуін сұрады. Ал, ол өз кезегінде ТК құрылыс жұмыстарын аяқтауды төрт күннен соң бастауға уәде берді. 
"Кеше жиналыс өткіздік. Бүгіннен бастап қаржыландыру ашылады. Дүйсенбі-сейсенбі күндері белсенді топтың қатысуымен кесте жарияланады. Қаржыландыру бар", — деп жауап берді Сергей Котляров.
Алайда, ашу кернеген үлескерлер өз пікірлерінде қалды.

Жаңалықтар
0