Қоғам

"Азбука жилья" үлескерлерінің талабы бір жерден шықпай отыр

CC0 / Mabel Amber / Құрылыс
Құрылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрылыс компаниясы үлескерлері Әсет Исекешевтің жеке қабылдауында болғысы келеді

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. "Азбука жилья" құрылыс компаниясының үлескерлері Астана әкімдігінің алдына талаптарын айту үшін жиналды.

Асанов, бері шық!: үлескерлер Бас прокуратура алдына пикетке шықты - Sputnik Қазақстан
Видео
"Асанов, бері шық!": үлескерлер Бас прокуратура алдына пикетке шықты

Сәрсенбі күні қырыққа жуық азамат Бас прокуратура алдында пикетке шыққан болатын. Үлескерлер активтерді жаңа салушы "Орда инжиниринг" компаниясына беруге қарсылық білдіруді талап еткен. 

Алайда үлескерлердің біраз бөлігі пикетке қатыспай,  "Айсанам de Luxe" баспана-құрылыс кооперативінің төрағасы Мұрат Қасеновты қолдамайтындықтарын мәлімдеді.

"Біз де қарапайым үлескерлерміз. Кеше Бас прокуратураға біздің "оппозиция өкілдері" барды. Жікке бөлініп кеттік. Жартымыз салушы "Орда инжиниринг" компаниясын жақтаса, қалғаны Қасеновқа қолдау көрсетеді", — деді "Жеті Жол" БҚК өкілі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жиналғандардың айтуынша, Әсет Исекешевтің қабылдауына қазіргі уақытта сегіз тұрғын үй кешенінің төрағалары барды.

Жаңалықтар
0