Видео

"Асанов, бері шық!": үлескерлер Бас прокуратура алдына пикетке шықты

Жазылу
"Азбука жилья" құрылыс компаниясына қатысты сот шешіміне наразы жұрт Бас прокуратура ғимараты алдына талаптарын айтып келді

"Азбука жилья" құрылыс компаниясы алдап соққан қырыққа жуық үлескер Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асановпен кездесе алмады.

Ашулы қазақстандықтар активтерді жаңа салушы — "Орда инжиниринг" компаниясына бері туралы шешімге қарсылық білдіруді талап етті.

"Бізді кіргізгілері келмеді, үлескерлер 15 минут өткізу пунктінде тұрды. Айғайға басқанда ғана, өтуге рұқсат берді", — деді баспана-құрылыс кооперативінің төрағасы Мұрат Қасенов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Үлескерлердің сұрағына жауап беруге Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин шығып, жиналғандарға сауалдарын бейсенбі күні Астана әкімі Әсет Исекешевпен кездесуде қоюды ұсынды. 


Жаңалықтар
0