Қоғам

Астана хостелдері студенттерге жеңілдік ұсынып отыр

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтухостел
хостел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО көрмесі кезінде Астанада 95 хостел жұмыс істеген болатын

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Елорда хостелдері студенттерге жатын орынды жалға алудың жеңілдетілген нұсқасын ұсынып отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Студент - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қаржылық қиындықтарға байланысты мыңдаған студент оқуын жалғастыра алмаған

"Көрменің аяқталуына орай қаладағы хостелдердің көпшілігі жұмыс бағытын өзгертіп жатыр. Олар  ұзақ мерзімді жалға беруге көшті. Бұл студенттер мен жұмыс бабымен келген қонақтарға қолжетімді әрі тиімді ұсыныс болып табылады", — дейді "Астана конвеншн бюро" ЖШС бас менеджері Марат Әлмағанбетов.

Оның айтуынша, қазір орта есеппен хостелдегі бір орынды жалға алу бағасы айына 25 мың теңгені құрайды.

"Оқу жылының басталуымен кейбір хостелдер жеңілдік ұсынып отыр. Сол жеңілдікке сәйкес, бір орынды 20 мың теңгеге алуға болады", — деді ол.

Айта кетсек, ЭКСПО көрмесі кезінде Астанада 95 хостел жұмыс істеген болатын. Ондағы жатын орын қоры 4500 құрады. Сондай-ақ өткен үш айда қалаға келген 22 мың мейман хостелдерді паналаған екен.


Жаңалықтар
0