Қоғам

Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобустар қатынайтын болады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуАвтобусы, архивное фото
Автобусы, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс екі елдің ірі қалалары арасында тұрақты автобус бағдарларын ашуға мүмкіндік беретін хаттаманы ратификациялады

АСТАНА, 20 қыркүйек  - Sputnik.  Қазақстан мен Өзбекстанның ірі қалалары арасында  тұрақты автобус бағдарлары биылғы жылдың соңына дейін ашылады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары ынтымақтастықтың жаңа кезеңін жариялады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында  Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметтері арасында жасалған халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау мәселесі қаралды. 

Жеңіс Қасымбек атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалы бойынша тұрақты автобус бағдарлары жоқ. Бұл шекараны өту кезінде қолайсыз жағдайлар тудырады.

"Хаттамаға сәйкес автомобиль көлігімен жолаушыларды тұрақты, тұрақсыз және транзиттік тасымалдау үшін құқықтық норма бекітіледі. Хаттама күшіне енген соң екі елдің ірі қалаларының арасында тұрақты автобус бағдарлары ашылатын болады. Біздің жоспарымыз бойынша алғашқы автобус бағдары биылғы жылдың соңына дейін іске қосылады", — деді министр. 

Оның айтуынша, бұл хаттама екі елдің арасындағы сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамытуға және халықтың екіжақты байланысын нығайтуға оң ықпал етеді.


Жаңалықтар
0