Саясат

Қазақстан мен Өзбекстан басшылары ынтымақтастықтың жаңа кезеңін жариялады

© SputnikНұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары
Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысы Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді

АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев тілшілерге екі елдің арасындаңы ынтымақтастың жаңа кезеңі басталғанын жариялады, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі. 

Назарбаев Ташкентке мемлекеттік сапармен келді, оны Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің өзі қарсы алды. Сапар барысында Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасын кеңейту мәселелерін қарастыратын екіжақты кездесу өткізу жоспарланып отыр. 

Өзбек астанасына келген соң, қазақстандық көшбасшы Мирзиёевпен бірге  Өзбекстан халқының жалпы ұлттық символы болып табылатын "Тәуелсіздік және ізгілік" монументіне, сонымен қатар, Өзбекстанның бұрынғы басшысы  Ислам Кәрімовтің ескерткішіне гүл шоғын қоюға барды. Сондай-ақ, Ташкент қаласының көрікті жерлерінің бірі «Төле би кесенесі» атты сәулет кешеніне бару жоспарланды. 

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кесенеде қазақ халқының әйгілі тарихи тұлғасы Төле бидің мәйіті жерленген. Бұл сәулет кешені қазіргі заманғы Ташкент қаласының ең көне ескерткіші болып есептеледі. Кесене XV ғасырдың бірінші жартысында салынған. 

Мемлекеттік сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен бірге қазақстандық өндірушілердің тауарлары ұсынылған "Өзбекстан – Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі" атты өндірістік көрмені тамашалады. 

Көрмеде 50-ден астам қазақстандық компаниялардың әскери-техникалық, авиациялық, фармацевтикалық, тоқыма, құрылыс, көлік құрастыру және ІТ салаларының экспортқа бағдарланған өнімдері ұсынылған. 

Көрменің басты мақсаты – екі мемлекеттің компаниялары арасында тұрақты қарым-қатынас орнатып, екі жаққа ортақ жаңадан сауда және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады. 

 

 


Жаңалықтар
0