Экономика

ҰЭМ: сегіз айда ІЖӨ өсіп, инфляция бәсеңдеді

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылғы қаңтар-шілдеде ІЖӨ өсімі төрт пайызды құраған еді

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім өсімі 4,3%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов.

Тиын - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев күзгі девальвация жайындағы қауесет туралы: мұның бәрі өсек-аяң

"Елдің 2017 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына тоқталсақ, экономикалық өсім шілдедегі аз ғана төмендеуден кейін ағымдағы  жылдың 8 айында 4,3%-ға дейін артты. Сыртқы сауда 30%-ға жуық өсті, инфляция бәсеңдеді. Осының аясында Moody’s  және S&P рейтингтік агенттіктері тәуелсіз рейтинг болжамын теріс көрсеткіштен тұрақты көрсеткішке жақсартты", — деп мәлімдеді Даленов үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, экономикалық шикізаттық емес сегментінде оң өзгерістер бар. 

"Жалпы, өсімнің жоғары қарқыны 6 базалық саланың төртеуі  бойынша — өнәркәсіп, сауда, көлік, ақпарат және байланыс салаларындай байқалуда. Өсу қарқының бәсеңдеуі құрылыста және ауыл шаруашылығында байқалып отыр", — деді ол. 

Сонымен қатар вице-министр инфляциялық процестердің баяулағанын атап өтті. 

"Жылдық инфляция баяулап келеді. Ол биылғы жылы тамызда 7%-ды  құрап, нысаналы дәліз шегінде  тұр. Айлық инфляция екінші ай қатарынан небәрі 0,1%-ды құрап отыр", — деді ол. 

Ал жұмыссыздық деңгейі 4,9% дейгейінде сақталып отыр.

Жаңалықтар
0