АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Күзде болуы мүмкін девальвация туралы қауесеттің бәрі өсек-аяң, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Назарбаев бейсенбі күні Ақордада қазақстандық және шетелдік тілшілермен баспасөз мәслихатын өткізді.
"Жауап берейін: мұның бәрі өсек-аяң, ең болмаса қазір оған ешқандай негіз жоқ", — деді Назарбаев кей сарапшылар болжап отырған девальвация туралы пікір білдіріп.
Қыркүйектің алғашқы күндері теңге бағамы доллармен салыстырғанда құнсыздана бастады.