АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін тамашалағалы отыр.
"Мұндай оқиға бүкіл қазақстандықтарды теледидар алдына жинайды. Өте маңызды кездесу. Мексикалық Альварес те танымал адам, мықты боксшы", — деді Назарбаев Ақордадағы баспасөз мәслихаты барысында.
"Біздің Головкин жеңіске жететініне сенімдімін. Сөйтіп, орта салмақ дәрежесінде кәсіби бокс патшасы атанады, Мұхаммед Әли, Тайсонның деңгейіне жетеді. Бұл кездесу ол үшін өте маңызды. Бәріміз оған сәттілік тілейік. Көрші елге іссапармен аттансам да, жекпе-жегін тамашалаймын. Бәріміз жанкүйер болайық", — дейді президент.
Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.