Өңірлер

ОҚО жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды

© Sputnik / Болат ШайхиновПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Онымен бірге басқараманың аудандық бөлімдерінің басшылары ұсталды

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары ірі көлемде пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қарағанды облысында "Қазақкөлікжолдары" басшысы парамен ұсталды

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Полатов С. және осы ұйымның аудандық бөлімдерінің басшылары Қарақұлов  М. және Махатай А. қылмыстық әрекеті құрықталды, делінген хабарламада.

Күдіктілер "2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту " мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау және қайта дайындықтан өткізу бойынша мемлекеттік сатып алулар келісімін жасасқаны үшін заңды тұлғалардан пара жүйелі түрде бопсалау арқылы пара алып отырған.

Полатов А., Қарақұлов М. пен Махатай А. 6,4 миллион теңге пара алу үстінде 15 қыркүйекте ұсталып, үш күнге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0