Қоғам

Қарағанды облысында "Қазақкөлікжолдары" басшысы парамен ұсталды

© PhotoКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мекеме басшысы мен оның орынбасары 17 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды

АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Задержаны за взятку руководитель Қарағанды облысында "Қазақкөлікжолдары" мекемесінің басшысы және оның орынбасары парамен ұсталды, деп хабарлайды, қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының департаменті. 

Мекеменің берген мәліметтеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері "Қазақкөлікжолдары" мекемесінің Қарағанды облыстық филиалының директоры Ғ. Мұқанов пен оның орынбасары Е. Отаровты "Ақжол" ЖШС М. Ыбышев пен Б.Жақпаровтан 17 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды. 

"Бұл қаражат Қызылорда-Қарағанды-Павлодар көлік жолдарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді орындау актісіне еш кедергісіз қол қоюға қатысты берілген", — деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі. 

 Сонымен қатар, Ыбышев М., Жақпаров Б., Мұканов Ғ. және Отаров Е. ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Қарағанды ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

 

Жаңалықтар
0