Экономика

Азиялық даму банкі Қазақстанның экономикасына 3 миллиард доллар инвестициялайды

© Sputnik / Михаил Кутузов / Медиабанкке өтуДоллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азиялық даму банкі мен Қазақстанның серіктестік стратегиясы экономиканы диверсификациялау, инклюзивті даму мен тұрақты өсуге қол жеткізу мақсатындағы амалдарға қолдау көрсетуге бағытталады

АСТАНА, 18  қыркүйек  – Sputnik. Азиялық даму банкінің директорлар кеңесі Қазақстанмен серіктестіктің жаңа стратегиясын құптады, соның аясында 2021 жылға дейін елімізге 3 миллиард доллардан астам көмек берілмек.

Тиындар - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан тағы бір арзан ақша көзін тапты

"Қазақстан әлемдік экономикалық кедергілерден өтіп, тұрақты әрі диверсификацияланған экономика құруға үлкен үлес қосуда. Елдің әлеуетін жүзеге асырып, кірісі жоғары мемлекет статусын иеленуі үшін көп мөлшерде білім және қаржы ресурсы қажет. Азиялық даму банкі Қазақстанға дамуға кедергі келтіруші мәселелерді шешіп, инклюзивті әрі "жасыл" өсімге жағдай жасайтын, Париж келісімі аясындағы тұрақты даму мақсаттарын айқындайтын тиімді тәсілдерді жүзеге асыруға көмектесуге дайын", — деді Азиялық даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли.

АДБ стратегиясы бес жыл ішінде Орталық Азияның ірі экономикасына жәрдем беруді қарастырады. 

АДБ қызметі елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасайтын негізгі факторларды алға жүргізуге бағытталады, ол инфрақұрылымның дамуы, басқармалар мен институттардың тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету, жұмыс орындарын ашу, қоршаған ортаны қорғау, технологиялық инновацияларға қолдау көрсетуді қамтиды.

Жаңалықтар
0