Экономика

Қазақстан тағы бір арзан ақша көзін тапты

© AFP 2024 / JOEL SAGET Тиындар
Тиындар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) энергетика саласын дамытуға қарыз бере алады

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанның Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне (АИИБ) мүше болудағы артықшылықтар туралы айтып берді. 

Сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар Қазақстанның Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне мүшелігін заңнамалық реттеуге бағытталған түзетулерді мақұлдады. Бұл ретте халықаралық ұйымдармен ара-қатынастарға өкілетті мемлекеттік органдарды бекіту, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшелігімен байланысты болатын қаржылық қарым-қатынастарды реттеу мәселелері қарастырылады.  

"Бұл банк біз үшін тағы да бір арзан ақша көзі болып табылады. Бізде – Дүниежүзілік банк, Ислам банкі, Азия банкі сияқты ақша көздері көп. Дегенмен, аталған қаржы институттарының лимиттері белгіленеді. Тиісінше, үлкен лимиті бар тағы бір ойыншының пайда болуы, біздің ел үшін қай жерден ресурстар алуға болатынын таңдауға мүмкіндік береді", — деп түсіндірді Сүлейменов журналисттерге. 
Оның айтуынша, басқа қаржы институттарымен салыстырғанда АИИБ қарызды энергетика саласына береді. 
Оған қоса, АИИБ Қазақстанға теңгемен қаржыландыру мүмкіндігін ұсынады, бұл өз кезегінде валюталық қауіпті азайтады. 
Сүлейменов, нормативті-құқықтық базамен байланысты мәселелер толығымен шешімін тапқан кезде, бұл банкпен жобалар жасау мүмкіндігі туындайды деген сенім білдірді. 

Жаңалықтар
0