Өңірлер

Алматы облысында 300 кг бал ұрлаған "Винни-Пух" ұсталды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуБал
Бал - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицияға арыз берген жәбірленуші келтірілген шығынды 3 миллион теңгеге тарта бағалады

АСТАНА, 18  қыркүйек  – Sputnik. "Қорғас" шекара бекетіндегі кәсіпкерге 300 кг бал ұрлады деген айып тағылды, деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Мешіт, архив - Sputnik Қазақстан
Әлем
Мешіттен 9 млн доллар ұрлаған адам ұсталды

15 қыркүйекте Панфилов ауданы полицейлеріне 38 жастағы әйел хабарласып, "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығындағы дүкендердің бірінен ірі көлемде бал ұрланғандығы туралы арыз берді.

Белгісіз біреу балдың құны, кедендік ресімдеу және тасымалды қоса алғанда, жалпы құны 2 900 000 теңгеге бағаланған 300 кг балды ұрлап кетіпті.

"Бал жұмсақ қаптамаларға, пластик қораптарға, қағаз картондар мен шыны банкаларға салынған. Бірнеше ұрланған банка Тараздың 36 жастағы тұрғынының қоймасынан табылды, ол күдікті ретінде ұсталды", — деп хабарлады Алматы облысы ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Жаңалықтар
0