АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Канаданың Миссиссога қаласының полицейлері жергіліктің мешіттің біріндегі қайырымдылық жәшіктен 9 миллион доллар ұрлап, жасырынған азаматты қолға түсірген, деп жазады muslim.kz.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қарақшы мешітке адам келмейтін уақытты таңдаған. Түн жарымында ол мешіттің ішіне ұрланып кіріп, ақша салынған жәшікті сындырып, ішіндегі қаражатты алып, ізін суытқан екен.
Тергеу барысында қарақшының 58 жасар Ашраф Ауад екені белгілі болды. Ол бұған дейін 9 қылмыстық іспен қолға түскен азамат болып шықты.