АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Тегін екпеден бас тартып, сырқаттанып қалған қазақстандықтарды ендігі кезде емдеу ақысын төлеуге мәжбүрлеуі мүмкін, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой.
Ол, Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы бойынша, кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек көрсету қызметінің аясында екпе жасау ерікті түрде орын алуы тиісті екенін атап өтті.
"Екпе жасамаған азаматтар, өздерін қауіпті жағдайда қойып отырғанына қарамастан, келешекте осының салдарынан сырқаттанып қалатын болса, біз оларға өздерінің емдеу шараларына ақы төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз", — деді Цой мәжілістегі үкіметтік сағат кезінде.
Сонымен қатар, ол кейбір радикалды діни ағым өкілдерінің екпе жасаудан бас тартатынын да айта кетті.