АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Ақмола облысында балалардың ата-анасы әр түрлі себептерге байланысты екпеден бас тартуда деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Ведомствоның мәліметінше, аймақта иммунизациядан 935 адам бас тартқан, олардың ішінде балалар да, үлкендер де бар. 408 ақмолалық қарсылығын діни қағидаларымен негіздеді, олардың арасында исламның дәстүрлі емес ағымын ұстанушылар, баптисттер, Евангелдік христиандар шіркеуі және жетінші күннің адвентисттері бар.
Бұдан бөлек, 431 адам жеке көзқарасына байланысты екпе жасатқысы келмейтінін айтқан, ал 47 адам БАҚ тарап кеткен иммунизация туралы жағымсыз ақпаратқа бола екпеден бас тартқан.