Саясат

Елбасы: латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы Достық үйіне барды

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары аясында, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен әңгімелесті.

"Мен сіздерге Өзбекстан мен Түрікменстанға сапарларымнан соң келіп отырмын. Біздің кездесулеріміз бен уағдаластықтарымыздың нәтижесінде осыған дейін болған кедергілердің барлығы алынып тасталды. Бүгінде жақын көршілерімізбен тиімді ынтымақтасу үшін барлық жағдай жасалған", – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев  Туркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Түркменстанмен өзара ынтымақтастықтың одан ары кеңеюіне үмітті

Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласының өзекті тұстарына ерекше тоқталды.

"Санамызды жаңғырту – қоғам үшін қай кездегіден өткір мәселе болып тұр. Ақпараттық-цифрлық заманда бір орында тұруға болмайды, бүгінгі талаптар мен жағдайға сәйкес жетіліп, өзгеріп отыру қажет. Адамдармен бірге бүкіл қоғам да бәсекеге қабілетті болуға тиіс", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегейлігіне және мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығына назар аударды.

"Мен тұрақтылық пен халқымыздың бірлігі дамуымыздың кепілі болып саналатынын әрдайым айтып жүремін. Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн. Тіл халқымызды одан әрі біріктіру үшін жетелеуге тиіс", – деп қорытындылады Қазақстан Президенті.

Соңында Елбасы "Көне Тараз" тарихи-археологиялық саябағының аумағында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған экспонаттарды көрді.


Жаңалықтар
0