Саясат

Назарбаев Түркменстанмен өзара ынтымақтастықтың одан ары кеңеюіне үмітті

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев Туркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге
Нұрсұлтан Назарбаев  Туркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Ашхабадқа барған сапары кезінде Түркменстан басшысымен келіссөздер жүргізді және жабық ғимараттардағы және әскери өнер бойынша V Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты

АСТАНА, 17 қыркүйек  – Sputnik.  Ашхабадтағы жұмыс сапары кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Мен сіздерге мемлекеттік сапармен болған Өзбекстаннан келдім. Сапар барысында шекаралық ынтымақтастық, акциздер, салықтар, тасымал саласындағы тарифтер сияқты көптеген мәселелелер қарастырылды. Осы кезде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда көрсеткіші ұлғайды. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 35% артты. Біздің елдер арасындағы қарым-қатынас та осындай дәрежеде кеңейеді деген үміттемін", — деді Назарбаев кездесу барысында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары ынтымақтастықтың жаңа кезеңін жариялады

Түркменстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаевты қонақжай түркмен елінде жылы шыраймен қарсы алып, жабық ғимараттардағы және әскери өнер бойынша V Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысуды қабыл алғаны үшін алғыс білдірді. 

"Бұл біздің ортақ мерекеміз – Орталық Азиялық аймақтағы барлық елдердің ортақ мерекесі. Бұл біздің ауызбіршілік пен ынтымақтастығымыздың  көрсеткіші. Бұл ойындарға 64 елдің өкілдері қатысады, сонымен қатар БҰҰ сұрауымен 65 елдің қатарында босқындардан құралған құрама команда қатысады", — деп атап өтті Бердімұхамедов.


 

Жаңалықтар
0