АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Полицейлер оқу-жаттығуға арналған гранатасы бар Ақтау тұрғынын ұстады, деп хабарлады Маңғыстау облысы ішкі істер депаратменті баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, 15 қыркүйек күні сағат 00:50-те Ақтаудағы алтыншы шағын ауданда орналасқан дүкен жанында қылмыстық полиция қызметкерлері қырық алты жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, тінту барысында одан оқу-жаттығуға арналған граната табылған.
Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды
"Оперция кезінде атыс орнап, қару қолданылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — деп мәлімет берді ІІД.
Бұдан бұрын оқиға куәгерлері айтқандай, төрт адам арасында жанжал шығып, біреуі өлтірілген, ал екіншісі ұсталыпты. Полиция бұл мәліметті растаған жоқ.