Видео

Тергеуге кедергі жасамаңдар: Ақтауда полиция шағын аудандар арасындағы жолды жауып тастады

Жазылу
Түнде Ақтауда бір оқиға болып, полиция 6 және 8 шағын аудандар арасындағы жолды жауып тастады және жаяу жүргіншілер мен оқиға куәгерлерінен полицейлер қызметіне кедергі келтірмеуді сұрады

Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті Ақтауда түн ішінде болған жайт туралы ресми хабарлама жариялаған жоқ. Алайда, куәгерлердің мәліметінше, төрт азамат арасында жанжал туындап, атыс болған. Жігіттердің бірі қаза тауыпты-мыс. Ал тағы біреуін полиция ұстаған, деп хабарлады өңірлік "Лада" басылымы.

 

Басылымның хабарлауынша, оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оқиға куәгерлері мен жаяу жүргіншілерден жолдан аулақ кетіп, тергеу ісіне кедергі келтірмеуді сұраған.

Жаңалықтар
0