Өңірлер

Шымкентте жоғалып кеткен бала қала сыртынан табылды

CC0 / / Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлердің пайымдауынша, бала қала маңындағы ауылға жаяу жеткен

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Оңтүстік Қазақстанда полицияның учаскелік инспекторы жоғалып кеткен он жасар тілі мүкіс баланы тауып алды, деп хабарлады ОҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Ер бала, жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте 10 жасар ұл бала жоғалды

Баланың жоғалып кеткені туралы 12 қыркүйекте Әл-Фараби полиция бөліміне оның әкесі хабарлап айтқан. Оның айтуынша, ұлы үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.  

Он жасар Құралбек Нұркен арнайы мектеп-интернатта оқиды. 

Полиция тиісті жедел іздеу шараларын ұйымдастырып, Шымкенттен үш шақырым қашықтықтағы Ақсукент ауылынан баланы тауып алған. Баланы тапқан учаскелік инспектордың пайымдауынша, Құралбек ауылға жаяу жеткен көрінеді.

Жаңалықтар
0