АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте психикалық-неврологиялық ауытқуы бар 10 жасар ер бала жоғалды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД.
Көмекші мектеп-интернатта білім алатын Құралбек Нұркен Талғатұлы өз үйінен 12 қыркүйек күні сағат екілер шамасында шығып кеткен.
Жоғалған баланың сыртқы белгілері: бойы 133 см, арықша денелі, шашы қара, қысқа қырқылған. Үстінде қара түсті спорт киімі, аяғында қара түсті шәрке болған. Ерекше белгілері: баяу әрі түсініксіз сөйлейді.
Құралбек Нұркен Талғатұлы
Құралбек Нұркен Талғатұлы
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.