АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда бензин бағасының қымбаттауына ешқандай алғышарт жоқ екенін атап өтті, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
"Бензинге қатысты нақты мәліметті бүгін баспасөз қызметі береді. Әзірге бензин мен дизель отынының айтарлықтай қымбаттауына ешқандай алғышарт жоқ. Бірқатар факторлар бар, бірақ біз оларды сараптап жатырмыз", — деді Бозымбаев.
Соған қарамастан, Алматыдағы ірі жанармай бекеттерінде бензин мен дизель отынының бағасы қымбаттағаны байқалады. Мысалы, "ҚазМұнайГаз" жанармай бекетінде АИ-92 және АИ-95 маркалы бензиннің бір литрі тамыз айының басынан бастап 3 теңгеге қымбаттап, 144 теңгеден 158 теңгеге жетті. Тиісінше, дизель отыны 4 теңге қымбаттады.
Royal Petrol жанармай бекетіндегі баға: АИ-92 — 145 теңге, дизель отыны – 145 теңге, АИ-95 — 159 теңге болды.
Sinоoil жанармай бекетіндегі бензиннің бағасы: АИ-92— 145 тенге. Дизелді отын мен АИ-95 маркалы бензиннің бағасы бір теңгеге қымбаттап, 144 және 159 теңгені құрайды.
Helios бекеттеріндегі АИ-92 бензині — 145 теңгеден, дизелді отын — 146 теңгеден, АИ-95 — 159 теңгеден сатылып жатыр.
Ең жоғары баға көрсеткіші "Газпромнефть — Қазақстан" жанармай бекеттерінде байқалды. Ол жердегі баға көрсеткішінде: АИ-92 — 147 теңгені, дизелді отын – 147 теңгені, ал АИ-95 — 168 теңгені құрайды.