Экономика

Қазақстанда азық-түлік арзандауда: дефляция қашанға дейін созылады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАзық-түлік
Азық-түлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық экономика министрі ЭКСПО-ның аяқталуы бағаның өсуіне себеп болмайды деді

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Сегіз айлық көрсеткіш бойынша азық-түлік бағасында дефляция байқалады, бұл тағы бір айға созылуы мүмкін, сол себепті алаңдауға еш себеп жоқ дейді, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

поле комбайн урожай зерно пшеница - Sputnik Қазақстан
Экономика
АШМ: Биыл 19 миллион тоннадан астам астық жинауымыз мүмкін

"Сегіз айлық көрсеткішке сәйкес азық-түлік желісі бойынша дефляция болды, яғни бірқатар зат  қымбаттаған, бірақ азық-түлік жағынан бағалар төмендеді. Бұл кем дегенде бір айға созылады. Қыркүйекте де дефляция болады деп ойлаймыз. Сондықтан алаңдауға себеп жоқ", — деді Сүлейменов үкіметте баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап беріп. 

Министр ақпарат бергендей, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлері қымбаттаған: пияз — 81,1%-ға, картоп — 74,9%-ға, қырыққабат — 61,2%, сәбіз — 38,1%-ға, сиыр еті — 10,7%-ға.

Оның сөзіне сүйенсек, бұған бірқатар себеп әсер етіпті, оның ішінде жанармайдың қымбаттауы, коммуналдық тарифтердің өсуі аталды.

Жаңалықтар
0