Саясат

Сириялық қаруланған оппозиция өкілдері Астанаға келуі мүмкін

© AFP 2024 / Nazeer Al-KhatibСитуация в Сирии
Ситуация в Сирии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сириялық қаруланған оппозиция өкілдері қазақстандық виза алуға өтініш берген

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Сириялық қаруланған оппозиция өкілдері Сириядағы ахуалды реттеу бойынша кезекті кездесуге қатысу үшін Астанаға келуі мүмкін, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Астанадағы Сириялық келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астанада Сирия жөніндегі халықаралық кездесуге дайындық жүріп жатыр

"Қазақстанның консулдық мекемесіне сириялық қаруланған оппозиция өкілдері елге кіру визасын алу туралы өтініш берген. Демек, өткен жолғыдай сириялық оппозиция өкілдері келесі келіссөздерге белсене қатысатын болады", — деді Әбдірахманов тілшілерге. 

Оның айтуынша, Иорданияға жақын Оңтүстік фронттың өкілдер тобы келеді, сонымен бірге бітімгерлік режиміне қосылып, астаналық процеске әу бастан ат салысып жүрген топтар да кездесуде болады.


Жаңалықтар
0