АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан елордасында Сирия мәселесіне қатысты алтыншы астаналық кездесуге қатысатын сириялық қарулы оппозицияның құрамы туралы ақпаратты күтіп отыр.
Сириядағы жағдайды реттеуге байланысты қызығушылық танытатын жақтар арасында жан-жақты және екі жақты кездесулер 14-15 қыркүйекке жоспарланды. Келіссөздерге дейін, 13 қыркүйек күні кепіл-мемлекеттердің сарапшылары Астанада Ортақ жұмыс тобының отырысын өткізеді.
Ресей делегациясын РФ президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарады. Бақылаушы ретінде АҚШ Таяу Шығыс мәселесі жөніндегі Мемлекеттік хатшысының көмекшісі м.а. Дэвид Саттерфилд өзінің қатысуын нақтылады. Сондай-ақ БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Башар Аль-Джаафари басқарып келетін, Сирия үкіметі делегациясының құрамы анықталды.