АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеу бойынша кезекті келіссөздердің күн тәртібі Тегеранда белгіленетін болады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Бұрын келесі кездесудің Қазақстанның елордасында тамыздың аяғына дейін өтеді деп хабарланған.
"Мерзімдер бойынша әзірге өзгерістер жоқ. Біздің тамыздың соңына дайындалып жатырмыз", — деді Әбдірахманов тілшілерге.
Оның атап өтуінше, жоспарға сәйкес, осы күндері Тегеранда Астаналық процеске кепілгер елдер сарапшыларының кездесуі өтіп жатқан көрінеді.
"Олардың қорытындылары бойынша, Астанадағы келіссөздердің кезекті раундының күн тәртібі белгіленетін болады", — деп түйді министр.