Өңірлер

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші үш күннен соң ұсталды

© SputnikНаезд со смертельным
Наезд со смертельным  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші тиісті емес жерден жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, үш күн бойы полициядан жасырынып жүрген

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Алматыда жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші бірнеше күн өткен соң ұсталды.

көлік - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жол апаты орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

"Зардап шеккен адамға көмектесудің орнына, жүргізуші қашып кеткен. Өкінішке орай, адам көз жұмды. Бірнеше минуттан соң тез арада кісіні қаққан көлік анықталып, жүргізушінің кім екенін білдік. Ол тергеу органдарынан әдейі жасырынып жүрген. Кеше ұсталды, жауап алынды", — деп хабарлады жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков. 

Жүргізуші Алматы қаласы Алатау ауданының 1975 жылы туған тұрғыны. Қазір тергеу жүргізіліп, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралуда. 


Жаңалықтар
0