Оқиға

Алматыда жол апаты орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

© Photo : предоставлено пресс-службой ДВД Алматыкөлік
көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен адам ауыр хәлде ауруханада жатыр, оның кім екені анықталуда

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Алматы полициясы жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Алматыда  Lexus пен Delica соқтығысып, аударылып қалды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Сәтсіз кездесу: Алматыда Lexus пен Delica соқтығысып, аударылып қалды

Жол апаты 9 қыркүйекке қараған түні Түріксіб ауданында болған. Сейфуллин даңғылында жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып оқиға орынан қашып кетті. 

Полиция атап өткендей, түн іші болса да оқиға куәгерлері бірден табылыпты, солардың сөзіне сүйенсек, ер адамды шамамен қара түсті Mazda көлігі қағып кеткен. 

"Жаңа технологияларды қолданып, бақылау камераларының көмегімен ер адамды қаққан көлікті анықтадық. Көлік иесі жасаған ісін мойындап, тергеушілер қолына берілді", — деп хабарлады жергілікті полиция қызметі басшысы Ерік Насырбеков. 

Зардап шеккен азаматтың хәлі ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр, кім екені әзірге анықталған жоқ.

Жаңалықтар
0