АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Алматыда әйел адам мемлекеттік баспана алып беремін деп, адамдардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденіп кеткен, деп хабарлайды оңтүстік астананың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Полиция айтқандай, 35 жастағы айлакер әйелді кезекті қулығын асырғалы жатқан кезде, қылмыс үстінде ұстаған.
"Мұндай қызмет заңды емес болғандықтан, зардап шеккендер полицияға арыз бермепті", — деп атап өтті полиция.
Азаматтарға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 8 миллион теңге.