АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Астана полицейлері 20 адамды алдап, интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен жас жігітті ұстады, деп хабарлайды қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Полицияға қала мекемелерінің бірінде қызмет ететін 25 адам арыз беріп, белгісіз біреудің биылғы жылғы мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін ЖИН және фамилияларын пайдаланып, интернет-ресурстардың бірінен несие алып жүргенін хабарлаған.
Елорданың ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері жедел іздеу шараларын жүргізу барысында 1996 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады.
Кейінірек анықталғандай, күдікті жәбірленушілер жұмыс істейтін мекемеде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткендіктен, олардың аты-жөні мен ЖИН кодын біліп отырған.
Қазір алаяқ уақытша ұстау изоляторында отыр. Әр жолы келтірілген шығын көлемі 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін жеткен.