АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Белгісіз біреулер жеке тұрғын үйге тонау үшін басып кіріп, екі ер адамды атып кетті, деп хабарлайды YK-news.kz ақпараттық порталы.
Қыркүйектің 10-ынан 11-іне қараған түні Көкпекті ауылында екі ер адам үйге басып кіріп, үй ішіндегілерді байлап тастаған. Содан соң үй иесін атып, оның туысын жарақаттайды, ер адам алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Содан соң қылмыскерлер екі әйелді байлап, бір миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.
Кейінірек күдікті ретінде осы ауданның үш тұрғыны ұсталды.