Өңірлер

Көкшетауда судьяны өз үйінде өлтіріп кетті

© AFP 2024 / DANIEL SANNUM LAUTEN Кісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
46 жастағы әйелдің денесі кеше таңертең табылған

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Көкшетауда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер бойынша коллегиясы төрайымының мәйіті өз пәтерінен табылды, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Құлдық - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды құлдыққа сатып жіберген

13 маусым күні таңертең Ақмола облыстық сотының жүргізушісі қылмыстық істер бойынша коллегия төрайымы Жанна Бердіғұлованы алып кетуге келеді. Күте-күте шықпаған соң, телефонына хабарласады, бірақ судья жауап бермейді. Есікті ашып кіргенде, 46 жастағы әйелдің жансыз денесі табылыпты.

Құқық қорғау органдары 99-бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот алды тергеу ісі жүргізілуде. 33 жастағы күдікті ер адам ұсталған.

Жанна Бердіғұлова туған қаласы Алматыға судья болып ауысуға құжат тапсырған екен. Келесі аптада оңтүстік астанаға аттанып кетуі тиіс болатын.

Жаңалықтар
0