АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Бурабай демалыс орнында 16 жасар қызды 100 мың теңгеге сатып жіберген, адам саудасына қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Ақмола облысы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Стоп трафик" арнайы операциясы барысында құл саудасының жолын кесті.
"Бурабай ауданының 1985 жылы туған тұрғыны 16 жасар қызды 100 мың теңгеге сатып жіберген. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 135-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп мәлімет берді полиция.
Сот алды тергеу жүргізіліп жатыр.