АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіз комитетінің (ҰҚК) бұрынғы басшысы мемлекеттік құпияны жарияланғаны үшін айыпталып, бас бостандығынан айырылды. Сот процессі Ақмола гарнизонының әскери сотында жабық түрде өткізілді. Үкім 24 тамызда шығарылды, алайда ол жайында ақпарат тек 11 қыркүйекте белгілі болды.
"Сот үкімі бойынша Дүтбаев Н.Н. мемлекеттік құпияны жарияланғаны үшін ҚР ҚК 172-бабына сәйкес және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін ҚР ҚК 451-бабына сәйкес айыпталып, жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, Н.Н.Дүтбаевтың "генерал-лейтенант" әскери атағын және мемлекеттік марапаттарынан айыру туралы ұсыныс берілді", — делінеді хабарламада.
Сотталушылар орындығында Дүтбаевпен бірге тағы үш адам отыр.
Мұратов Р.Ж. жоғарыда аталған қылмыс түрін жасағаны үшін ҚР ҚК 172 және 451-баптары бойынша айыпталып, бес жыл бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметке тағайындалу құқығынан өмірлікке айырылды.
Хасен Н.Б. мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін ҚР ҚК 172-бабы бойынша және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін ҚР 308-бабы бойынша айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік марапаттамһрынан айыру туралы ұсыныс жасалды.
Нұртаев Е.С. мемлекеттік құпияны жариялауға көмек көрсеткені үшін айыпты деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім күшіне енген жоқ.