АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Астанада Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі комитеттерінің бірінде төрағаның орынбасары болып табылатын Бауыржан Мусинге қатысты сот істері қыркүйек айының басында басталады, деп хабарлады Sputnik Казахстан тілшісіне астаналық соттың баспасөз қызметі. "Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының шешімі бойынша ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі және 3-бөлімінің 4-пункті (пара алу – ред.) бойынша Бауыржан Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалып, өндіріске алынды. Басты сот отырысы 7 қыркүйек күні сағат 10:00 белгіленді", — дейді сұхбат беруші.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тарапынан хабарланғандай, Мусин мемлекеттік сатып алу тендерлеріне қатысушылардың мүддесіне қатысты, оларды өткізу үшін бірнеше рет пара алғаны жөнінен күдікті болды. Наурыз айының соңында Мусин бизнесменнен 400 мың теңгені құрайтын кезекті пара алу кезінде ұсталды. Алынған параның жалпы сомасы 1,4 миллион теңгені құрады.