АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. Соңғы кездері ислам қоғамы қиын сынақтарды басынан кешіріп отыр, дейді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Жексенбі күні Астанада ғылым мен технология бойынша Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Cаммиті басталды. Іс-шараға барлығы 56 мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар қатысып жатыр.
"Өкінішке орай, ислам қоғамы соңғы кезде көптеген қиын сынықтарды басынан кешіруде. Біріншіден, экстремистік және террористік ұйымдар таралып жатыр. Олардың жасаған террористік шабуылдарының салдарынан, бірінші кезекте мұсылман әлеміндегі елдер зардап шегіп жатыр. Екіншіден, исламофобия, яғни мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттер жылдан жылға көбейіп келеді", — деді Назарбаев саммит барысында.
Президент өз сөзін: "Біз Мьянмада жақын арада болған жанжалға қатысты қатты алаңдаймыз. Осыған қатысты БҰҰ аясында зорлық-зомбылықты тез арада тоқтатуға шақырамыз", — деп жалғастырды.
Елбасы, 1,5 миллиард адамды біріктіретін ислам әлемінде бірлік жоқ екенін өкінішпен жеткізді.