Саясат

Әбдірахманов: Астанадағы ИЫҰ саммитінде Мьянмадағы ахуал талқыланады

© REUTERS / Mohammad Ponir HossainМьянма босқындары
Мьянма босқындары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мьянмада тамыз айының соңында билік өкілдері мен "Аракан рохинджаны құтқару әскері" қозғалысы жауынгерлерінің арасында қақтығыс басталды

АСТАНА, 9 қыркүйек — Sputnik. Мьянмадағы ахуал Астанада жексенбі күні басталатын Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінің басты талқыланатын тақырыптарының бір болмақ, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Мьянмадан Бангладешке қашқан рохинджа босқындары - Sputnik Қазақстан
Әлем
Мьянмадағы босқындар лагерінен түсірілген кадрлар

Елордамызда 10-11 қыркүйек күндері Ислам ұлттық ұйымының ғылым және технология бойынша алғашқы саммитті өтеді.

Айта кетелік, Әбдірахманов түрік СІМ басшысымен кездесу өткізген.

"Түркия сыртқы істер министрімен Мьянмадағы мұсылман халқының ахуалына қатысты мәселелерге  мән бердік. Ол қазір ғана Мьянмадан қашқан мұсылман босқындарымен кездесіп қайтып, алған әсерімен бөлісті", — деп хабарлады Әбдірахманов сенбі күні тілшілерге.

Әбдірахмановтың сөзіне сүйенсек, түрік тарабы алдағы ИЫҰ кездесуінде "Мьянманың мұсылман халқы мәселесін талқылауды көздейді". 

Жаңалықтар
0