Мьянманы асығыс тастап шыққан рохинджа мұсылмандары көршілес Бангладеште босқындарға арналған лагерлерде орналасқан. Түрлі мәліметтерге сәйкес, босқындар саны 100 мыңнан 140 мыңға дейін жетеді.
Тамыз айының аяғында Мьянма билігі террористтік ұйым деп таныған "Рохинджаны құтқарушы Аракан әскері" атты содырлар қозғалысы полиция бөлімшелеріне шабуыл жасайды.
Осы оқиғадан кейін билік Ракхайн штатында әскери операция бастайды. Нәтижесінде рохинджаның бейбіт тұрғындары өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Құрбан болғандар саны 400 адамнан асты. Олардың көбі – рохинджа-содырлары.