АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Қырғызстан және Мьянма құрамалары арасындағы футбол матчы болмайтын болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан тілшісі.
Қос елдің футболшылары арасындағы кездесу сейсенбі 5 қыркүйекке жоспарланған болатын.
"Теракт қаупінің туындауы оған себеп болды. Қазір Мьянмамен матчы кейінге қалдыру туралы сөйлесіп жатырмыз. Біздің командамызға жеңіліс жазылатын шығар", — деді Қырғыз Республикасы футбол федерациясының президенті Семетей Сұлтанов.
Оның айтуынша, ойынды кейінге қалдыру туралы шешімді дүйсенбі күні Қырғызстан үкіметі қабылдады.