Спорт

Боранбаев "Қайрат" футбол клубын "жеңіліс дертінен" айықтырмақ

© Photo : официальный сайт ФК "Кайрат""Қайрат" клубының жанкүйерлері
Қайрат клубының жанкүйерлері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен аптада Европа лигасы квалификация кезеңінен шығып қалған соң, "Қайрат" ФК бас бапкері Кахабер Цхададзе қызметінен кетті

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. "Қайрат" футбол клубының қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев "ұлттық команданың" даму бағыты өзгеретінін мәлімдеді.

Стас Покатилов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қақпашы Стас Покатилов "Қайрат" ФК үшін тұрақты негізде ойнайтын болады

Өткен аптада "Қайрат" Европа лигасы квалификация кезеңінің екінші раундынан өтпей қалған болатын, "Скендербеу" командасымен өткізген қос матч 1:3 есебімен албан клубының пайдасына шешілген.  

Содан кейін "Қайраттың"бас бапкері Кахабер Цхададзе өз еркімен жұмыстан кетті. Оның өтінішін жұма күні клуб басшылығы қабылдап, жексенбіде алматылықтар өз алаңында "Атырау" командасымен тең ойнады – 1:1.

"Қайраттың" қазіргі ахуалы мен алға қойған мақсаттары жөнінде Боранбаев дүйсенбі күні клубтың ресми сайтына сұхбат берді.  

"Соңғы бірнеше жылдағы футболшылардың клубқа деген қарым-қатынасы мен қол жеткізген жетістіктер туралы айтар болсақ, бәрі "бір жақты ойын" сияқты болды", — деп мәлімдеді "Қайраттың" қадағалау кеңесінің төрағасы.  

"Команда "жеңіліс дертіне" шалдыққан сыңайлы: "Қайрат" клубына тап болса, ойыншылар рахат болды деп қуанады, бірақ рахат кезеңнің де аяқталатын уақыты бар", — деп атап өтті Боранбаев. 

"Болашақта біз Қазақстан үшін, қала үшін, осы клубтың эмблемасы үшін алға ұмтылатын ойыншыларды таңдаймыз. Команданың ойын нәтижесіне қанағаттанып отырған жоқпыз, егер футболшылар ішкі чемпионаттағы жүлделі орын жеткілікті дейтін болса, біз олармен мүлдем келіспейміз", — дейді кеңес төрағасы. 

Жаңалықтар
0