Қоғам

Қазақстандық оқулықтардың авторларына айтылған сындар негізсіз делінді

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуКітапхана
Кітапхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Мектеп" баспасының директорын жаңа оқулықтардың Желі қолданушыларының қолына мектептен бұрын түскен жағдайы таң қалдырды

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. "Мектеп" баспасының бас директоры Ерлан Сатыбалдиев отандық оқулықтар мен олардың авторларын қолдады. Ол Желідегі теріс пікірлер біржақты екенін ескерді. 

"Әр мектептің өз таңдауы болады. Тамыз айында бұл оқулықтар мектептерге таратылмаған уақытта, интернетте ата-аналар тарапынан айтылған сындар пайда болды. Іс жүзінде олардың қолдарында оқулықтар болуы мүмкін емес. Қалғанын өздерініз ойлай беріңіздер", — деді Ерлан Сатыбалдиев. 

Кітап оқып отырған бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Атышулы орыс тілі оқулығының авторлары қалай ақталды?

Бұған дейін бесінші және жетінші сыныптарға арналған орыс тілі пәнінің оқулықтары Желіде түсінбеушіліктер тудырды. Юрий Антоновтың әнін тыңдау, Иван Урганттың «Масленицаны» тойлау туралы бағдарламасын көру, сонымен қатар бауырсақтың визит карточкасын жасау сияқты тапсырмалар қазақстандық оқушылардың ата-анасын таң қалдырды.

 Филология ғылымдарының докторы, орыс тілі пәнінен жетінші сыныпқа арналған оқулық авторы Зинаида Сабитованың  айтуынша, оқушыларға арналған кітапта берілген түрлі деңгейдегі тапсырмалар, баланың тек "бейтарап білім алушы " ғана болуына жол бермейді.

"Бағдарлама ("Взгляд снизу" – ред.) барысында балалар орыс тілінде қате сөйлейді. Бұл олардың балалық қателіктері шығар.  Оқушы оларды сараптай алса, тіпті жақсы. Менің ойымша, бұл өте қызықты тапсырма. Ал, визит карточкасы – өзіндік ерекшеліктері бар жанр. Осындай тапсырмалар орындау арқылы біз балаға белгілі бір визит карточкаларын жасау тәртібін үйретеміз", — деді Зинаида Сабитова.

Республикалық ғылыми-практикалық "Оқулық" орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова, қазақстандық оқулықтарды құрамында ғалымдар, жоғары және бірінші санатты біліктілігі бар мұғалімдер, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар жоғары білікті мамандар тобы тексеретінін атап өтті. 
Орыс тілі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Орыс тілі оқулығы тағы да ата-аналардың түсінбеушілігін тудырды
2017 жылы екінші, бесінші және жетінші сыныптарға арналған жаңа мазмұндағы кітаптар енгізілді. Бұған дейін бес жыл аралығында бұл кітаптар Назарбаев зияткерлік мектептерінде тестіленген еді.  Бесінші және жетінші сыныптарға сабақ жүргізетін мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 

Жаңалықтар
0